Күтпеген көршілер: Талғар ауданында 5 жылан ұсталды

Күтпеген көршілер: Талғар ауданында 5 жылан ұсталды

22.05 күні 11:43-те Алматы облысының ТЖД-нің пультіне 112-ге
Талғар ауданы, Бесагаш ауылы, Қарасай батыр көшесі мекенжайы бойынша жылан жүргені туралы хабарлама келіп түсті.

Алматыоблысының ТЖД қызметкерлерінің дереу әрекет етуінің арқасында «жылан ұстағыш» құралдарының көмегімен 5 жыланды ұсталынып, елді мекеннен алыс жерге жіберілді. Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнына Алматы облысының жедел құтқару жасағының 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Алматы облысының ТЖД