2023 жылдың 20 мамырында сағат 22:00-де Алматы облысы ТЖД пультіне «Маралсай» шатқалында жеңіл автокөлік жол жиегінен шығып кеткені туралы хабар түсті. ТЖД қызметкерлері «Маралсай» шатқалында механикалық күзетте болған кезде шұғыл көмек көрсетті — олардың көмегімен Subaru Legacy маркалы жеңіл автокөлік, салонда үш адам болған, жолға қайта шығарылды. Жүргізуші абайсызда үйіне қайтып бара жатқанда жол жиегінен шығып кеткен. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Құтқару жұмыстарында Алматы облысы ТЖД-ның 2 қызметкері мен 1 техника бірлігі жұмылдырылды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі