"Өрт қауіпті кезеңдегі өрт қауіпсіздігі қағидалары", "Судағы қауіпсіздіктің 14 қағидасы " және "Балалардың терезеден құлауының алдын алу"тақырыптары бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

"Өрт қауіпті кезеңдегі өрт қауіпсіздігі қағидалары", "Судағы қауіпсіздіктің 14 қағидасы " және "Балалардың терезеден құлауының алдын алу"тақырыптары бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Іле ауданы ТЖБ қызметкерлерімен Іле ауданы, Өтеген батыр ауылындағы №24 лицейдің 1–5 сынып оқушыларымен “Өрт қауіпті кезеңдегі өрт қауіпсіздігінің ережелері”, “Судағы қауіпсіздіктің 14 ережесі” және балалардың терезеден құлау фактісін алдын алу тақырыптары бойынша профилактикалық түсіндіру жұмысы жүргізіліп, аталған тақырыптарды қамтитын оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай бейнероликтер көрсетілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға өрт қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік және тұрмыстық жағдайда орын алуы мүмкін жазатайым оқиғалардың алдын алу туралы білім беру және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру болды. Тақырып бойынша бейнеролик көрсетіліп, балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес қауіпсіздік ережелері қарапайым және түсінікті түрде түсіндірілді.
Жазғы демалыс қарсаңында оқушыларға су айдындарында қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері үйретілді. Арнайы бейнеролик арқылы суда өзін қалай ұстау керектігі көрнекі түрде көрсетілді.
Оқушыларға үйдегі қауіпсіздік туралы, әсіресе терезе маңында ойнау кезіндегі қауіп-қатерлер туралы айтылды. Бейнеролик арқылы балаларға:
- Терезе алдында ойнауға болмайтыны;
- Москиттік торларына сенуге болмайтыны;
- Терезе маңына жиһаз қоймау керек екені туралы ақпарат берілді.
Іс-шара барысында оқушылар үлкен қызығушылық танытып, қойылған сұрақтарға белсенді жауап беріп отырды. Барлық бейнероликтер оқушылардың жас ерекшелігіне сай таңдалып, қауіпсіздік ережелері нақты әрі қарапайым тілмен жеткізілді. Профилактикалық жұмыс тиімді өтті және оқушылардың қауіпсіздік туралы білімдерін арттыруға бағытталды.
Алматы облысы ТЖД