Ағымдағы жылдың 20 мамырында ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының далалық дайындықты қамтамасыз ету басқармасының жеке құрамымен «Өрт қаупі жоғары кезеңдегі өрт қауіпсіздігі ережелері», «Судағы қауіпсіздіктің 14 ережесі» және «Балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу» тақырыптарында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, судағы жүріс-тұрыс ережелері мен балалардың терезеден құлауымен байланысты қайғылы оқиғалардың алдын алу мәселелерінде жеке құрамның хабардарлығын және жауапкершілігін арттыру болды.
Профилактикалық жұмыс жоғары деңгейде өтті. Жеке құрам белсенділік танытып, сұрақтар қойып, нақты мысалдар келтірілді. Іс-шара соңында ақпараттық жадынамалар таратылып, қауіпсіздік – бәріміздің ортақ міндетіміз екені ерекше атап өтілді.
Алматы облысы ТЖД