Құрметті Алматы облысының тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті Алматы облысының тұрғындары мен қонақтары!

2025 жылғы 22 мамыр Алматы облысының аумағында "Өрт-2025" Республикалық командалық - штабтық оқу-жаттығулары өткізілетін болады. Оқу-жаттығу барысында халықты хабардар ету жүйелері, азаматтық қорғаудың облыстық жүйесінің күштері мен құралдары жұмылдырылатын болады.

2025 жылғы 22 мамыр сағат 9.00-де жергілікті уақыт бойынша бүкіл республика бойынша электр механикалық сиреналарын, сирень-сөйлеу құрылғыларын іске қосу және теле-радио хабарларын таратуды ұстап қалу арқылы құлақтандыру жүйесіне тексеру жүргізілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдайлардың туындау қаупі кезінде халықтың назарын аудару үшін электр механикалық сиреналары, сирень-сөйлеу құрылғылары немесе басқа да сигнал беру құралдары қосылады,бұл «Баршаның назарына!». Бұл сигналды естіген халық қалыптасқан жағдайдағы іс-әрекеттер туралы мәліметтер мен нұсқаулықтар алу үшін қол жетімді ақпаратты қабылдау құралдарын (телеарналар, радио, интернет-сайттар, әлеуметтік желілер, мобильді құрылғыларға арналған қосымшалар және т.б.) дереу қосуы қажет. Алынған ақпарат туыстары мен көршілеріне берілуі керек.

Ақпаратты "112" және "101" телефон нөмірлері  және "Дармен" қосымшасы арқылы алуға болады.

ТЖД қызметкерлері тыныштық сақтауды, үрей мен қауесетке бой алдырмауды сұрайды.