«Ерлік сабағы» атты патриоттық іс-шара ұйымдастырылды. Аталған кездесуге Ауған соғысы мен Таулы Қарабақтағы әскери қақтығыстарға қатысқан ардагерлер арнайы шақырылып, жас ұрпақпен ерлікке толы естеліктерімен бөлісті

Іс-шараның мақсаты – ардагерлерге құрмет көрсету, олардың ерлігін насихаттау арқылы жас буынға патриоттық тәрбие беру. Кездесу барысында ардагерлер майдан даласындағы қиындықтар, достық пен батырлық туралы әсерлі әңгімелер айтып, бейбіт өмірдің маңыздылығын жеткізді. Іс-шара соңында ардагерлерге алғыс хаттар табыс етілді. Кездесудің тағы бір ерекше сәті – дала жағдайында әскери үлгіде дайындалған солдат ботқасының ұсынылуы болды. Бұл жайт шараға ерекше рух беріп, қатысушыларды бір сәтке болса да әскери өмірмен байланыстырып, ортақ дастархан басында жылы жүздесуге мүмкіндік берді. «Ерлік сабағы» – бұл тек кездесу емес, бұл – ұрпақтар сабақтастығының, бейбіт өмірдің бағасын ұғынудың жарқын көрінісі.

Ақтөбе облысының ТЖД