Дон кен байыту комбинатында төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарды пысықтау

Дон кен байыту комбинатында төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарды пысықтау

Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 81-бабына сәйкес, «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Дон кен байыту комбинатының «ҚКСР-дің 40 жылдығы» қазандығы Энергоцехы нысанында «17-позиция — ПТВМ, ДЕ қазандығының жарылысы» тақырыбында оқу-жаттығу дабылы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – қазандық жабдықтарының шартты жарылысы кезінде кәсіпорын қызметкерлері мен шұғыл қызметтердің әрекет етуге дайындығын тексеру болды. Оқу-жаттығу барысында жедел-құтқару бөлімшелері, азаматтық қорғау қызметтері мен кәсіпорынның техникалық персоналы арасындағы өзара іс-қимыл алгоритмдері пысықталды. Мұндай оқу-жаттығулар өңірдегі өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесін нығайтуға, өзара іс-қимыл мен жедел әрекет ету жұмыстарының әлсіз тұстарын анықтауға, сондай-ақ қызметкерлердің кәсіби даярлық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Ақтөбе облысының ТЖД