Тату ұжым – кез келген кедергіні жеңе біледі

Тату ұжым – кез келген кедергіні жеңе біледі

Қиын әрі қарбалас еңбек күндері кез келген қызметкердің психоэмоционалдық жай-күйіне әсер ететіні сөзсіз. Әсіресе, қызметі үнемі стресстік жағдайлармен байланысты мамандар үшін рухани тынығу мен «психологиялық жеңілдеу» өте маңызды. Осы мақсатта департамент психологтары басқарма аппараты мен бөлім басшыларына арналған көңілді тимбилдинг ұйымдастырды. Табиғат аясындағы демалыс, үйреншікті ортаны ауыстыру, еркін қарым-қатынас, таза ауа және қызықты ойын-сауық бағдарламалары ұжымішілік ынтымақтастықты нығайтып, жаңа жұмыс аптасына сергек те жігерлі күйде бастауға сеп болды.

Ақтөбе облысының ТЖД