Дала өртімен күрес: Ақтөбе облысында өрт сөндіру бекеттерінің саны артып келеді

Дала өртімен күрес: Ақтөбе облысында өрт сөндіру бекеттерінің саны артып келеді
Өңір басшысы төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде дала және орман өрттерінің алдын алу шаралары талқыланды. Төтенше жағдайлар департаменті басшылығы өрттердің алдын алу және жою үшін өрт сөндіру бекеттерінің саны артып келе жатқанын алға тартты. Биыл облыс орталығындағы Құрайлы, Сазды және Ақшат тұрғын алаптарында және Әйтеке би ауданының Ұлғайсын және Сарат ауылдарында, Темір ауданының Саркөл ауылында алты жаңа бекет орнатылды. Тағы алты пост ашу жоспарлануда. Облыс орталығында және бірнеше аудан ауылдарында жаңа өрт сөндіру бекеттері орнатылды. Қазіргі таңда 178 елді мекенді қамтитын 73 бекет жұмыс істейді, қосымша 26 өрт сөндіру техникасы қажет. Сонымен қатар, 14 ерікті құрылым мен 1912 адамнан тұратын топтар өрт қауіпсіздігін бақылауда. Өңір басшысы қала және аудан әкімдеріне өрт қауіпсіздігі шараларын күшейту туралы пәрмен берді.
Ақтөбе облысының ТЖД