
Орман-дала өрттерінің алдын алу мақсатында арнайы рейдтер ұйымдастырылып, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілуде. Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметі мен орман шаруашылығы мамандарынан құралған мобильді топтар орман алқаптарын патрульдеп, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қадағалауда. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін бүгінгі таңда 8 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және алдын алу шараларын жүзеге асыруға бар күшін салып, облыс тұрғындарын қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Ақтөбе облысының ТЖД