
Ақтөбе облысының Ырғыз ауданына су тасқынының алдын алу мақсатында қосымша күштер мен арнайы техника жөнелтілді. Ақтөбе облысында су тасқынының алдын алу шаралары аясында Төтенше жағдайлар департаменті мен Көкіұлы Есет батыр және Бауыржан Момышұлы атындағы әскери бөлімдердің күштері жұмылдырылды. Бірлескен топ құрамында 12 әскери қызметші мен 9 бірлік арнайы техника бар. Қызметкерлер Ырғыз ауданына аттанып, өзен арналары мен су өткізу нысандарын бекіту жұмыстарын жүргізуде. Негізгі мақсат – су деңгейін тұрақтандырып, оның қауіпсіз ағуын қамтамасыз ету арқылы елді мекендерді тасқын қаупінен қорғау.
Ақтөбе облысының ТЖД