
Балаларды оқыс оқиғалардан қорғаудың басты жолы-балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.Құтқарушылар балабақшаларға және оқыту орындарына барып қызықты түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, түрлі ойындар ойнатуда. Сонымен қатар ТЖД қызметкерлері оқытушылар құрамымен және оқушылармен бірлесіп 5350 баланы қамти отырып, оқу орындарының ғимараттарынан қауіпсіз эвакуациялау бойынша 20 жаттығу өткізді.Сондай-ақ, мұғалімдермен және оқушылармен 8000-ға жуық баланы қамтитын дәріс, әңгімелер мен нұсқамалар өткізілді.Профилактикалық жұмыстар әлі де жалғасуда.
Ақтөбе облысының ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы