Оқытылған-қорғалған дегенді білдіреді!

Оқытылған-қорғалған дегенді білдіреді!

2024 жылғы 11-13 қыркүйек аралығында Ақтөбе облысының Төтенше жағжайлар департаментінде «Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардың басшылары» оқудан өтті. Бұл лауазымды тұлғалар объектінің азаматтық қорғаныс бастықтары болып табылады.
Сабақтарда азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі, өрт және түтін кезіндегі мінез-құлық ережелері, төтенше жағдайлардағы мінез-құлықтың психологиялық аспектілері, манекендерде жүрек-өкпе реанимациясын көрсету және механикалық желдету әдісін қолдана отырып алғашқы көмек көрсету мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, «Баршаның назарына» дабылы берілгендегі әрекет ету тәртібі түсіндірілді.
Тыңдаушылар қорытынды тестілеуді тапсыра отырып, оқуды сәтті аяқтады, одан әрі тиісті сертификаттар берілді.
Жыл басынан бері Департаментінің базасында 624 адам оқудан өтті.