Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып полковник Қахарман Оразалин тағайындалды.
2000-2020 жылдары азаматтық қорғау органдарының аумақтық бөлімшелерінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
2020 жылы ҚР ТЖМ төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы қызметін атқарды.
2024 жылдан бастап Ақтөбе облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды.
Ел аумағында табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ жоюда тәжірибесі зор, сондай-ақ шет мемлекетте Түркия мен Ауғанстандағы апатты жер сілкінісінің салдарын жою кезінде құтқару операцияларына қатысты.