Өз ісінің шебері

Өз ісінің шебері

ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы ММ Ақтөбе облысы бойынша филиалы құжаттамалық қамтамасыз ету тобының инспекторы Жарылғасова Зәмзәгүл Майланқызы 50 жасқа толды.

Ол Байғанин ауданында көпбалалы отбасында 07.07.1974ж.өмірге келген. Алматы мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының педагог-психолог мамандығын, сонымен қатар Алматы қаласындағы "Қайнар" Академиясының заңгер мамандығын тәмамдаған.

Медицина және төтенше жағдайлар саласын дамыту мен жетілдіруге 22 жылдан астам өз үлесін қосуда. Оның кәсібилігімен қызметкерлерді сапалы іріктеу өткізіліп, құжаттар мұқият жүргізілуде.

Жауапкершілігі мол, еңбекқор, өз ісінің шебері. Ұжым атынан зор денсаулық, әйел бақытын, амандық, жұмыста шығармашылық жетістіктер тілейміз.