
Ақтөбе облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасында ҚР сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаевтың қатысуымен палатаның сауда және қызмет көрсету мәселелері жөніндегі салалық кеңесінің отырысы аясында нарықтарды жаңғырту мәселелері талқыланды.
Сауда нысандарының өрт қауіпсіздігі туралы Ақтөбе облысы ТЖД бастығының орынбасары Айбат Сергеевич Жанабергенов сөз сөйледі.
Бүгінгі күні жаңадан салынып жатқан сауда орталықтарын жобалау және салу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде қателер жоққа шығарылмайды.
Дүкендердегі және басқа да сауда объектілеріндегі қауіпсіздікке қойылатын заманауи талаптар қатаң және олардың сақталуын бақылаудың белгілі бір жүйесі бар.
Алайда, үнемдеуге, қолда бар аудандардан барынша пайда алуға деген ұмтылыс, сондай ақ сауда орталықтарында соңғы жылдардағы өрттердің мысалға алсақ, ірі сауда орталықтарының өрт қауіпсіздігі соңғы жылдары өзекті мәселелердің бірі болып табылатынын айғақтайды.
Айбат Жанабергеновтің айтуынша, 2023 жылы 8 сауда нысанын тексеру барысында бірде-бір сауда нысаны бұзушылықсыз пайдаланылмайтындығы көрсетілген.
«Соңғы жылдардағы шектеулерге қарамастан, департамент шағын бизнесті тексеруде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды, адамдардың жаппай болатын объектілердің қызметінде қауіпсіздік мәдениетін сіңіруге бағытталған, дөңгелек үстелдер мен кездесулер сияқты, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен Облыстың кәсіпкерлік басқармасы өкілдерінің қатысуымен өткізілетін» - деп түйіндеді ТЖД бастығының орынбасары.