Тыл ардагерлеріне құрмет

Тыл ардагерлеріне құрмет

Қазіргі кезде соғысқа қаты­сушылармен қатар, олардың ізін баса өкшелес дүниеге келген тыл ардагерлерінің де қатары күн сайын селдіреп, азайып барады.

Осы орайда 9 мамыр күні Хромтау ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің және Хромтау ауданының №20 Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Хромтау ауданының тумасы, тыл ардагері 91 жастағы Урналина Күнсұлу әжеміздің үйіне барып, Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады.


Расымен де, ата-бабаларымыздың Отанға деген сүйіспеншілігі, патриоттық сезімінің мықтылығынан және тыл ардагерлерінің табанды еңбегі маңдай терінің арқасында еліміз жеңіске жетіп, бүгінгі күнде тәуелсіз мемлекетте бейбіт өмір сүрудеміз.

Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл ардагерлерінің бүгінгі ұрпақ үшін жасаған ерлігі мен еңбегіне мың тағзым.

Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы