Ақтөбе облысының құтқарушылары

Ақтөбе облысының  құтқарушылары

Құтқарушы – өмірі қатерге толы мамандықтың бірі. Ол су тасқыны, өрт, түрлі апат пен қарапайым тұрмыстық жағдайларда орын алған тосын оқиғада бірінші болып жәрдем береді. Осы орайда адам жанын аман алып қалу үшін басын бәйгеге тігетін батырлар қаншама!

№5 ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушы азаматтық қорғау кіші сержанты Әбдібаев Нұржан Батырханұлы су тасқыны кезінде Қарғалы тұрғын үй алабы бау-бақша ұжымдары аумағында адамдарды және жануарларды  эвакуациялап, қауіпсіз аймаққа шығарды. Құтқарушы Нұржанның төтенше жағдай кезінде қатысқан оқиғалары өте көп. Соның ішінде көп қабатты тұрғын үйдегі өрттер мен дала өрттері де бар.

Құтқарушы Жұмабекте су тасқыны кезінде эвакуациядан бөлек біраз жұмыстар атқарды.

Ақтөбе қаласындағы Әлия Молдағұлова әуежайы ұшу алаңында су тасқыны кезінде көп мөлшерде су жиналды. Қауіптің алдын алуға бірнеше құтқарушылар жұмылдырылды. №5 ӨСБ бөлімше командирі азаматтық қорғау кіші сержанты Жанкараев Жұмабек Адилбаевич су сору жұмыстарына белсене қатысып, қауіптің бетін қайтаруға ат салысты. Қазіргі таңда БҚО-да су тасқынына қарсы жұмыстарда қызмет атқаруда.