Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайы

Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайы

Ақтөбе облысында жағдай тұрақты. Қазіргі уақытта Ырғыз ауданының Құйлыс, Жайсаңбай және Белшер ауылдарында бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізілуде.

Күштер мен құралдармен жалпы ұзындығы – 15 км жағалауды нығайтатын бөгет салынды. 78908 дана қап төселіп,  62030 тонна инертті материалдар жеткізілді.

12 сәуірден бастап ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісовтың жектешілігімен құтқарушылар Қорғаныс Министрлігі ұшағымен Мамыр, Нұра, Белшер, Құйылыс ауылдарынан 1280 адам, оның ішінде 652 бала эвакуацияланды.  640 адам уақытша орналастыру пункттерінде ал 614  адам туыстарында.

Ырғыз ауданындағы жұмыстарға  ТЖД, ЖАО, ДП, ҰҰ және Қорғаныс Министрлігінің әскери бөлімдерінен 1021 адам және 52 бірлік техника, 8 қайық жұмылдырылды.

Жалпы Ырғыз  ауданына азық-түлік түрінде 22,2 тонна гуманитарлық көмек және 23 тонна жанар жағар май жеткізілді.

Ырғыз ауданында 81 үйді су басты. Оның ішінде Нұра ауылы 67, Мамыр ауылы 10, Белшер ауылы 4.

Жағдай тұрақты, Департамент басшылығының бақылауында.

 

Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы