2024 жылғы 02 ақпан күні Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Айбат Сергеевич Жанабергеновтың төрағалығымен 2023 жылдың қорытындылары және ағымдағы жылдың І тоқсанына қойылған басым міндеттері туралы жедел кеңес өтті. Жедел кеңес Өрт сөндіру қызметінің негізгі бағыттары бойынша жүргізілді.Жедел кеңесте негізгі үш мәселе қаралды.
Ең алдымен, «2023 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының
Төтенше жағдайлар департаменті «ӨС және АҚЖҚ» ММ жедел-қызметтік жұмысы туралы» Ақтөбе облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары-С.Т.Тюребаев баяндады.
Екінші баяндамада, «Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті «ӨС және АҚЖҚ» ММ өткізілген өрт-тактикалық жаттығулар мен сабақтар туралы» Ақтөбе облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ КӨСҚ жедел кезекшісі-А.Умешов айтты.
Сондай-ақ, «Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті «ӨС және АҚЖҚ» ММ өртке қарсы сумен жабдықтаудың техникалық жай-күйі туралы»
Ақтөбе облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ КӨСҚ жедел кезекшісі-К.А.Бакытжанов тыңдалды.
Жедел кеңесте бірқатар лауазымдық тұлғаларымен қызметтің қол жеткізген нәтижелері мен проблемалық мәселелері талқыланды.
Жиын соңында Департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Айбат Сергеевич Жанабергенов 2023 жылды қорытындылай келе бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жандандыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.