Құтқарушылар мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады

Құтқарушылар мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады

8 қаңтарда сағат 15:52-де Шалқар қаласындағы Шалқар көлінде "ВАЗ-2110" жеңіл автокөлігі мұз астына батып кетті көлік ішінде үш адам болды. 1980 және 1971 жылы туған екі адам өз күштерімен жағаға шықты, құтқарушылар оларды жылжымалы уақытша жылыту пунктіне орналастырды, медициналық көмекті қажет етпеді. 1972 жылы туған үшінші адам суға батып кетті, сағат 17:45-те құтқарушылар батып кеткен адамның денесін мұз астынан алып шықты.

Құтқарушылар еске салады!

Мұздың қауіпсіз қалыңдығы бір адам үшін 10 сантиметрден кем емес, бұқаралық спорттық және мерекелік іс- шараларды және автокөлік өткелдерін ұйымдастыру үшін 25 сантиметрден кем емес болу тиіс.

Мұзда болған кезде рұқсат етілмейді:

1) мұздың жұқа және жетілмеген жерлеріне шығуға;

2) мұздың жекелеген (қауіпті) учаскелерінде топтарға жиналуға;

3) мұздағы ойықтарға, жарықтарға, ойықтарға жақындауға;

4) өткелдер үшін бөлінген орындардың шекарасынан тыс көлік құралдарымен мұзға шығуға;

5) от жағуға;

6) мұзда  қоқыстарды қалдырмауға.

 

Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы