
Құмар ойындарға әуестік қазіргі заманның ең қауіпті тәуелділіктердің бірі болып табылады. Елімізде құмар ойынға тәуелді тұлғалардың саны жыл сайын өсуде. Қазірде құмар ойындарды насихаттайтын жарнамалар телеарналар, радио бағдарламаларда ашықтан ашық жарияланып, адамдардың ойынға тәуелді болуына бірден-бір себебін тигізуде. Оңай жолмен ақша табам деп құмар ойындарға әуестену үлкен проблемаларға (әлеуметтік, экономикалық,психологиялық, физиологиялық), тіпті соңы орны толмас қайғылы оқиғаларға әкеледі.
Осындай жат әдеттерден жеке құрамды сақтау және оларға түсіндіру үшін 2023 жылғы 3 қарашада Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы арасында құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу мақсатында «Семья» медициналық орталығының психиатр-нарколог дәрігері И.Н.Кузнецов тың қатысуымен «Жеке құрам арасында аддиктивті мінез құлықтың алдын алу: анықтау және олармен жұмыс жасау жолдары» тақырыбында дәріс ұйымдастырылды.
Дәріс барысында И.Н.Кузнецов жеке құрамға құмар ойынына әуестену өте қауіпті екенін жеткізді. Оңай жолмен ақша табам деп, ойындарға ақшалай ставка тігіп, әуестенбеуге шақырды. Сонымен қатар жақындарын, әріптестерін құмар ойынға тәуелді болудан сақтандыруға шақырды.
Дәріс барысында жеке құрамға құмар ойындарының қаншалықты қауіпті екендігін сипаттайтын бейнероликтер мен слайдтар көрсетілді.
Психологиялық қызмет тобы