Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі 2023 жылғы 9 айдың қорытындысын өткізді

Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі  2023  жылғы 9 айдың қорытындысын өткізді

​2023 жылғы 9 қараша күні Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник А.Жанабергеновтың төрағалығымен 9 айдың қорытындыларымен және ағымдағы жылдың ІV тоқсанына қойылған басым міндеттері туралы жедел кеңес өтті.

Жедел кеңес Өрт сөндіру қызметінің негізгі бағыттары бойынша жүргізілді.

​Жедел кеңесте бірқатар лауазымдық тұлғаларымен қызметтің қол жеткізген нәтижелері мен проблемалық мәселелері талқыланды.

Жиын соңында Департамент бастығының орынбасары 2023 жылдың 9 айын қорытындылай келе баға беріп, бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жандандыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.