Алға ауданында құрғақ шөп өртенді

Алға ауданында құрғақ шөп өртенді

11 шілде күні  сағат 14:15-те Алға ауданы, Алға қаласындағы #6 бау-бақша ұжымдарының аумағында құрғақ шөп  жанып жатқаны бойынша 101 қызметіне хабарлама келіп түсті.

Шақырту орнына барған кезде Алға қаласынан 7 км жерде құрғақ шөп өртеніп, өрт саяжай үйлеріне тарап жатқаны анықталды.Саяжай аумағында 59 үй бар. 10 саяжай үйі өртенді.

Өрт сөндірушілер өрттің басқа да аймақтардың таралуына жол бермей, 49 саяжай үйді өрттен құтқарды.

Зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге ТЖД 26 адам және 5 бірлік техника және Жергілікті атқарушы органдардан 10 адам 3 бірлік техника жұмылдырылды.

Өрт сағат 16:30-да сөндірілді.

Өрттің шығу себебі - анықталуда.

Ақтөбе облысы ТЖД өрт қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды ескертеді.

 ешқандай жағдайда құрғақ шөпті өртемеңіз;

- саяжай учаскелерінде қоқыс пен қалдықтарды тек арнайы жабдықталған жерлерде жағыңыз;

- желді және қатты ысыған ауа райы кезінде қоқыс жағуға, от жағуға тыйым салынады;

- шымтезек топырақтарында және ағаш ғимараттардың жанында от жағуға болмайды. Есіңізде болсын, от жағу үшін қауіпсіз қашықтық 50 метр болып саналады.

- балаларға сіріңкемен ойнауға, оларға шөпті жағуға жол бермеңіз;

- табиғатта демалу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз: жанып тұрған темекі тұқылдарын, сіріңкелерді жерге тастамаңыз және жанып тұрған отты қалдырмаңыз, сондай-ақ күн сәулесін шоғырландыратын және құрғақ өсімдіктерді тұтататын шыны ыдыстарды қалдырмаңыз.

Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы