
2023 жылғы 22 маусымда Ақтөбе облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ Кадр саясаты бөлімінің бастығы азаматтық қорғау капитаны И. Мангубасов және де психология тобының қызметкерлері Қарғалы ауданының гарнизонына жұмыс сапарымен келіп, өз-өзіне қол жұмсау оқиғаларының және ойынға тәуелділіктің алдын алу, қызметтік және әскери тәртіпті, әдеп кодексін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша жеке құраммен әңгімелесті.
Қызметкерлердің тұрмыс жағдайымен танысу мақсатында, жас қызметкерлердің пәтеріне барды.
Сондай-ақ, Қарғалы аудандық аурухананың қызметкерлері мен облыстық теолог шақырылып, ислам діні туралы, суицидтің алдын алу туралы түсіндірмелер берді.
Қызметкерлер өздерін толғандырған сұрақтарға толық жауаптар алды.
Ақтөбе облысы ТЖД Баспасөз қызметі