№5 ӨСБ жеке құрамына жол патрульдік полиция инспекторларының қатысуымен Жол жүрісі туралы жиналыс өткізілді

№5 ӨСБ жеке құрамына жол патрульдік полиция инспекторларының қатысуымен Жол жүрісі туралы жиналыс өткізілді

2023 жылдың 01-маусымы күні №5 ӨСБ жеке құрамына жол патрульдік полиция инспекторларының қатысуымен Жол жүрісі туралы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V Заңынан басшылыққа алып, жолда жүру ережесін бұзбау туралы жиналыс өкізілді Жиналыста қызметкерлерге жеке көлікпен жүрген кезде жылдамдықтарын белгіленген межеден асырмау, түрлі авариялық-құтқару жұмыстарына бару өрт сөндіру автокөліктерінің жылдамдықтарын 40 км/сағ асырмау және жол жүру ережесін қатаң сақтау кажеттігі ескертілді. Әрқашан абай болу, көлікпен жүргенде ұялы телефон пайдаланбау, жол ережесін білу, жол белгілеріне мұқият қарау туралы айтылып өтті. Барлығымызда үлгі бола білетіндей қызметкер болып сыбайлас жемқорлыққа, әскери және еңбек тәртібін бұзуға жол бермеуіміз қажеттігі Жол жүру ережесін сақтап заңды бұзбау және жұмыстан тыс уақытта жағымсыз ортаға қосылмау, қауіпсіздік техникасын және жол ережесін қатаң сақтауды жүргізушілермен қосымша сабақтар өткізу туралы айтылды. Жол ережесін қатаң сақтау жөнінде қосымша нұсқаулық жүргізіліп қарауыл бастықтарына тапсырмалар берілді.

Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы