Өрт сөндірушілер Ақтөбе облысының №2 газ өңдеу зауытындағы өртті оқшаулады

Өрт сөндірушілер Ақтөбе облысының №2 газ өңдеу зауытындағы өртті оқшаулады

2023 жылғы 1 мамырда сағат 15:55-те (Ақтөбе облысының уақытымен) 112 пультіне Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округінің Жаңажол кен орнында «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ №2 газ өңдеу зауытының аумағында қондырғы өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.

ТЖД басшылығы аэровизуалды барлау жүргізді.

Ақтөбе облысы ТЖД жедел штаб құрылды.

Өртті сөндіруге Ақтөбе облысы ТЖД және «Семсер өрт сөндіруші» ЖШС 50-ден астам өрт сөндіруші мен 9 бірлік техника жұмылдырылды.

Өрт сағат 20:35-те оқшауланды.

Өрттің ауданы мен  себептері анықталуда.

Қазіргі уақытта өртті сөндіру жалғасуда.

Күйік алған 4 жұмысшы Темір ауданының орталық ауруханасына шұғыл түрде жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты.

 

 

Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі