29 қараша күні 112 кезекшілік құтқару қызметіне Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Greenland демалыс базасының ауданындағы өзенде аққудың қанаты мұзға қатып қалғандығы бойынша хабарлама келіп түсті.
Шақырту орнына құтқарушылар жіберілді.Нәтижесінде құтқарушылар қайықпен жүзіп барып, аққуды құтқарып қалды.
Қазіргі таңда ветеринарлық клиникаға жеткізілді.
Ақтөбе облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы