Өрт тактикалық оқу- жаттығу

Өрт тактикалық оқу- жаттығу

«Анвар» ЖШС супермаркетінде өрт – тактикалық арнайы оқу-жаттығу Ақтөбе облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бөлімшелерінің 2022 жылға арналған арнайы – тактикалық дайындығы жоспарына сәйкес ағымдағы жылғы 21 қыркүйегінде өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімімен Ақтөбе қаласы, М. Шоқай көшесі, №8 мекенжайында орналасқан «Анвар» ЖШС супермаркетінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – халықты құтқару, эвакуациялау және адам көп жиналатын ғимараттағы өртті сөндіру әдістері мен тәсілдерін әзірлеу. Сондай-ақ оқу-жаттығу барысында имитацияланған өртті жою және адамдарды ғимараттан қауіпсіз аймаққа эвакуациялау бойынша «Анвар» ЖШС қызметкерлерінің дайындығы тексерілді. Оқу-жаттығуға өртке қарсы қызметтен: 8 бірлік техника, 28 қызметкер, және медициналық апат орталығынан: 1 бірлік техника, 3 қызметкер жұмылдырылды.

Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы