«Мен және менің құтқарушы мамандығым»

«Мен және менің құтқарушы мамандығым»

19-қазан Құтқарушылар күні қарсаңында  «Мен және менің құтқарушы мамандығым» тақырыбында эссе жазудан өрт сөндіру бөлімшелерінің сержанттық құрамы арасында байқау өткізілді.

Байқау нәтижелері бойынша арнайы комиссия құрылды, оның ішінде БАҚ өкілдері де бар.

Эссеге қалалық және аудандық өрт сөндіру бөлімдерінен 25-ке жуық қызметкерлер қатысып, өздерінің еңбек жолындағы қызметте төккен тер мен қадамдарын ақ параққа түсіріп қиындығы мен қызығы мол қызметте жұмыстарының ерекшеліктерімен бөлісті.

Конкурстың өткізудегі негізгі міндет өрт және басқа да төтенше жағдайлар кезінде сауатты жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыру, дарынды қызметкерлерді анықтау және қолдау, сондай-ақ жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің қызметін танымал ету болып табылады.

Байқау қорытындысы бойынша құтқарушылар күні қарсаңында қатысушы қызметкерлер Астана қаласына экскурссияға іссапарға жіберіледі.

Ақтөбе облысы ТЖД

 Қоғаммен байланыс тобы