Хромтаудағы өрт салдарынан 4 адам күйік алды

Хромтаудағы өрт салдарынан 4 адам күйік алды

Ағымдағы жылғы 30 қыркүйекте 101 құтқару қызметіне Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Целинная көшесі мекен-жайы бойынша жеке үйдің ауласында орналасқан жазғы үй өртеніп, қоса салынған гаражқа ауысқаны жөнінде ақпарат келіп түсті.

Гаражда тұрған «Тойота Камри» маркалы жеңіл автокөлігі толықтай өртенді.

Автокөлікте газ жабдықтары қондырылған.

Өрт 02 сағат 15 минутта сөндірілді. Өрт алаңы 120 ш.м.

Өрт кезінде құтқарушылар күшімен гараж ішінен тұрмыстық газ баллоны шығарылды,аулдағы бөлек тұрған жеке үй құтқарылды.

Өрт салдарынан 4 адам термикалық күйік алып,    аудандық орталық ауруханасының  реанимация бөлімшесіне жатқызылды.

Зардап шегушілердің жағдайлары ауыр.

Өрт шығу себебі анықталуда.

Ақтөбе облысы ТЖД

 Қоғаммен байланыс тобы