Жылыту маусымы

Жылыту маусымы

Облыс аумағында халықтың әлеуметтік осал топтарының 7022 үйі бар. Қазіргі уақытта жылыту кезеңінде болуы мүмкін өрттердің алдын алу мақсатында Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің аумақтық бөлімшелерімен 2022-2023 жылғы жылыту кезеңінің өтуі шеңберінде профилактикалық жұмыстың 1-ші кезеңі аяқталды.

Ағымдағы жылдың 15 тамызынан бастап  ЖАО-мен, волонтерлермен, жергілікті полиция қызметімен, үкіметтік емес ұйымдар бірлескен аралау барысында 7022 тұрғын үй тексерілді (100 %), 21680 адамға нұсқау берілді, 25088 жадынама мен парақшалар табыс етілді. 

Аралау барысында пештердің, түтіндіктердің, электр қыздырғыштардың құрылғыларына басты назар аударылады. Барлығы 1115 өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу анықталды. Бүгінгі күні 600 бұзушылық жойылды.

15 тамыз аралығында барлығы 128 түтін, улы және табиғи газ датчиктері орнатылды және маусым айынан бастап "ҚазТрансГазАймақ" АҚ 3382 датчик орнатты.

Облыстың ақпараттық ведомстволарында тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі тақырыбына 30 мақала жарияланды (жылыту кезеңіне, балалардың отпен ойнауына, тұрмыстағы, көліктегі және адамдар көп жиналатын орындардағы ӨБ шараларына қатысты). Республикалық және облыстық телеарналарда 10 сөз сөйлеу және радиода 56 сөз сөйлеу өткізілді.

Өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау мақсатында балалармен және халықпен профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

МӨББ

Ақтөбе облысы ТЖД