Өткен тәулікте екі өрт оқиғасы орын алды

Өткен тәулікте екі өрт оқиғасы орын алды

2022 жылғы 15 қыркүйек 15 сағат 39 минутта өрт сөндіру қызметінің күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының пультіне Қобда ауданы, Суғала ауылдық округі  Көк үй ауылы ауданында дала алқабында 40 Га құрғақ шөп және «Қобда орман шарушалығына» тиесілі 10 Га орман екпелері өртенді.

Өрт ошағынан аудан орталығына дейінгі қашықтық 130 км., Ақтөбе қаласына дейін 250 км.

Шақырту орнында бірнеше қызметкерлер мен техникалар жұмыс жасап, өртті сөндірді.

Далалық өртті сөндіруге ТЖД (50 қызметкер, 7 бірлік техника), Қобда орман шаруашылығы  (13 адам, 4 техника), ЕӨCҚ (35 адам, 4 бірлік техника) жұмылдырылды.

Өрт  21 сағат 06 минутта сөндірілді. Өрттің жалпы ауданы 10 Га, дала алқабы 40 Га.

Сондай-ақ, шақыру орнына Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ж. И. Иманқұлов  және Ақтөбе облысы ТЖД бастығы М.Т.Аманбаев барып бақылауға алды.

Әрі қарай 15 қыркүйек 18 сағат 15 минутта Мәртөк ауданы, Родниковка ауылдық округі дала алқабында ашық алаңда  құрғақ шөп өртенуі бойынша ақпарат келіп түсті. Өрт 01 сағат 55 минутт шектеліп, 02 сағат 30 сөндірілді. Жалпы аумағы 110 Га.

Өрт ошағынан аудан орталығына дейінгі қашықтық 60 км, Ақтөбе қаласына дейін 40 км.

Өртті сөндіруге ТЖД өрт сөндіру қызметінен 56 адам және 8 техника, ЕӨСҚ 22 адам 7 техника, Орман шаруашылығы 2 адам, 2 техника жұмылдырылды.

Зардап шеккендер жоқ.

Табиғи өрттердің туындауына, олардың таралуына және елді мекендерге жақындауына жол бермеу үшін өрт қауіпсіздігін есте сақтау және сақтау қажет. Өрт қауіпті кезеңде болмайды:

- ағаш құрылыстарына жақын учаске аумағында құрғақ шөп пен қоқысты өртеуге;
- балалардың отпен ойнауына жол бермеуге;

-орман алқаптарында құрғақ шөпті жағуға;

- қамысты өртеуге;

- сөндірілмеген алау қалдыруға.

Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы