Жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген тренинг бойынша

Жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген тренинг бойынша

Мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң бұзушылыққа бару әрекеттері кездесіп тұрады, мұндай әрекеттің алдын алу және жол бермеу әрбір мемлекеттің қызметкердің міндеті және борышы болып табылады.

Қызметкерлердің арасында сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтың алдын алу және оның салдарын талдау мен түсіндіру мақсатында 2022 жылғы 14 қыркүйекте «ЖЕМҚОРЛЫҚ – ІНДЕТ, ОНЫМЕН КҮРЕСУ – МІНДЕТ» тақырыбында психологиялық трансформациялық тренинг сабағы өткізілді. Тренингке Депармаменттің төтенше жағдайлар басқармасы мен мемлекеттік өртті бақылау басқармасының инспекторлық құрамы қатысты.

Тренингке қатысушылар азаматтық қорғау қызметкеріне қатысты болуы мүмкін жемқорлық тәуекелдік мәселелерін қарастырды, сондай ақ, жемқорлық заң бұзушылығын тудыратын себептер мен факторларын талдап, қызметкерлердің арасында сыбайлас-жемқорлық әрекеттеріне жол бермеу және алдын-алу бойынша ұсыныстар мен кеңестерімен бөлісті.

Сабақ соңында қатысушылар бір ауыздан сыбайлас-жемқорлық заң бұзушылығына барудың салдарының өте ауыр болатынын, қылмыстық  жауакершілікке, жұмыстан қуылу, отбасылық қиыншылықтарға, бір сөзбен айтқанда  жемқорлық әрекеттер әрбір қызметкердің болашағына балта шапқанымен бір деген қорытындыға келді.

Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы