Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы

ХХ ғасырдағы қазақ рухани мәдениетіндегі көшбасшыларының бірі болған Ахмет Байтұрсынұлының - өмірі аңызға, шығармашылығы үлкен маңызға ие болған көрнекті тұлға. Ол өзінің құдай берген талантын туған халқына деген сүйіспендікпен суғарып, толассыз еңбекпен шыңдаған қайсар да қаһарман ғалым. Ол – қараңғылық тұңғиығынан жарық жұлдыздай жарқырап шығып, айналасына нұр, шуақ себумен өткен ағартушы. Жастайынан тағдыр талқысын көріп өскен Ахметті өсірген де, ғылым мен мәдениеттегі көсегесін көгерткен де халық үшін еткен еңбегі, елі үшін еңсере жасаған қызметі. Ұлт маңдайына біткен тұлғаның туған тіліне деген құрметі жоғары болды. Алаштың арда азаматының мерейтойы биыл ауқымды тойланып жатыр.

Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, «қазағым» деп жүрегі соққан, халқын алға жетелеуге ұмтылған, оның зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан Алаш тобының рухани көсемі, тіл білімінің атасы – Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған ұлт ұстазын жан-жақты таныту мақсатында,  ZOOM платформасы арқылы онлайн кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті және «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ қызметкерлеріне Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасына қарасты «Тілдерді оқыту орталығы» КММ директоры Клара Хәкімғалиқызы Серғазина дәріс оқыды. К.Серғазина дәріс барысында Ахмет Байтұрсынұлы туралы жан-жақты ақпарат берді.

Ақтөбе облысы ТЖД

Құжаттамалық қамтамасыз ету және Мемлекеттік тілді дамыту тобы