Құтқарушылар күшімен сиыр құтқарылды

Құтқарушылар күшімен сиыр құтқарылды

Кейде құтқарушылар тек адамдарды ғана емес, жануарларды да құтқаруға мәжбүр.

Осындай тағы бір оқиға Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында орын алды.

2022 жылғы 03 Тамызда 09 сағат 20 минутта өрт сөндіру қызметінің күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының пультіне жеке үй аумағында Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылы,Ақдәулетов көшесі мекенжайы бойынша кәріз құдығына сиыр құлағаны туралы хабарлама келіп түсті.

Иелері дереу құтқарушылардан көмек сұрады, өйткені олар сиырды өз бетінше құтқара алмады. Жануардың салмағы шамамен 200-250 келі.

Шақырту орнына келген құтқарушылар арқанның көмегімен құдықтан сиырды суырып алып, оны иесіне тапсырды. Оқиға салдарынан жануар зардап шеккен жоқ.

Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы