ТЖБ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖПҚ-МЕН БІРЛЕСІП АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА ПИРОТЕХНИКАНЫ САҚТАУ ЖӘНЕ САТУ ОРЫНДАРЫ БОЙЫНША РЕЙДТЕР ЖҮРГІЗІЛДІ

ТЖБ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖПҚ-МЕН БІРЛЕСІП АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА ПИРОТЕХНИКАНЫ САҚТАУ ЖӘНЕ САТУ ОРЫНДАРЫ БОЙЫНША РЕЙДТЕР ЖҮРГІЗІЛДІ

Төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында Ақтөбе қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы жергілікті полиция қызметімен бірлесіп жаңа жыл қарсаңында пиротехникалық бұйымдарды сақтау және сату орындары бойынша рейдтер жүргізуде.

Тексеру кезінде өнімнің сапасына, сертификаттардың болуына, сату жүргізілетін үй-жайларды сақтау ережелеріне және нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігіне ерекше назар аударылады.                                    

Сондай-ақ, ТЖ қызметкерлері «Ең алдымен, өнімнің сертификатталғанын көру керек, міндетті түрде пиротехниканы пайдалану қағидаларымен танысу керек. Оны сақтау және сату мерзіміне назар аударуды ұмытпаңыз: егер өнім мерзімі өтіп кетсе, оны ешқандай жағдайда қолдануға болмайды. Қаптама бүтін, жыртылмаған болуы керек. Пиротехниканы іске қосқан кезде темекі шегуге қатаң тыйым салынады. Тұрақталған көліктердің жанында зымырандарды атуға болмайды. 100 метр радиуста өрт қауіпті объектілер болмауы тиіс. Көрермендер фейерверктің іске қосу алаңынан 35-50 метр қашықтықта болуы керек. Өнімді қолмен іске қосуға тыйым салынады».

 

                                                               Ақтөбе қаласының ТЖБ