Қызметке жаңадан қабылданған жас мамандар арасында «Жеке құрамның өз-өзіне қол жұмсау оқиғаларының алдын алу» тақырыбында семинар ұйымдастырылды

Қызметке жаңадан қабылданған жас мамандар арасында «Жеке құрамның өз-өзіне қол жұмсау оқиғаларының алдын алу»  тақырыбында семинар ұйымдастырылды

Өз - өзіне қол жұмсау (суицид) актісі  адам баласының ертеден келе жатқан ең күрделі де қиын мәселелерінің бірі.  Өрт сөндіруші және құтқарушы қызметкерлердің кәсіби қызметі үнемі  үлкен эмоционалдық қысыммен және стресстік күйдің туындауымен байланысты. сондықтан да, жеке құрам арасында өз - өзіне қол жұмсау әрекетінің алдын алу шараларын назардан тыс қалдырмау қажет.              Осы тұрғыда жас қызметкерлер арасында өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің алдын алу, оларға психологиялық қолдау көрсету және өмірлік күрделі жағдайлардан шығу амалдары жөнінде ақпарат беру мақсатында 2021 жылғы 22 желтоқсанда психолог мамандар 2021 жылы қызметке қабылданған жас мамандарының  қатысуымен «Жеке құрамның өз-өзіне қол жұмсау оқиғаларының алдын алу» тақырыбында дәріс ұйымдастырды. Іс шараға Облыстық психикалық денсаулық орталығының психолог-суицидолог маманы Муханова Дана Коныспаевна қатысты. Дәріс барысында өз-өзіне қол жұмсаудың негізгі себептерінің бірі құмар ойындар, алкогольдік ішімдіктер және нашақорлық екендігі ашып айтылды, оның алдын алу амалдары, яғни кез келген адам өз өмірін дұрыс жоспарлай білуі қажет екендігі түсіндірілді. Сонымен қатар мамандар, қызметкерлерді өз бойындағы қиындықты ішке сақтап жасырмай дер кезінде тиісті маманның көмегіне жүгіну қажеттілігін түсіндірді, қиыншылыққа бой алдырмай өзінің болашағын ойлауға әрқашан көмек көрсететін адамдардың жанынан табылатынын айтып өтті.  

 Мамандар қызметкерлерге өзін жағымсыз ықпалдардың жетегінде кетпеуі қажет екендігін және кез келген жағдайда өзін саналы тұлға ретінде сақтап, болашағын дұрыс жоспарлай білу маңыздылығы жөнінде ақыл кеңестерін берді. Дәрісте қарастырылған мәселеге байланысты қызметкерлер өз ойлары мен көзқарастарын білдіріп, сұрақтар талқыланып, пікір алмасты.

 

Ақтөбе облысының ТЖД психологиялық қызмет бөлімі