Мемлекеттік өртті бақылаудың үздік қызметкерлері

Мемлекеттік өртті бақылаудың үздік қызметкерлері

2021 жылдың 25 қарашасында "Мемлекеттік өрт бақылаудың үздік қызметкері" ХІV-ші облыстық байқауы өтті. Конкурс екі бөлімнен тұрды: теориялық - 70 сұрақтан тұратын регламенттеуші құжаттарды білуге тестілеу және практикалық - мұнай базасы ғимаратын шартты өрт – техникалық тексеру.

Байқау қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

1 орын – Ақтөбе облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы Техникалық нормалау тобының бас маманы азаматтық қорғау капитаны Айтжанов Әсет Нұрбекұлы;

2 орын – Ақтөбе облысы ТЖД Байғанин ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау капитаны Алмағамбетов Нұрлыбек Бекарысұлы; 

3 орын – Ақтөбе облысы ТЖД Әйтеке би ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау капитаны Асылбекұлы Руслан.

Жеңімпаз Нұр-Сұлтан қаласында өтетін "Мемлекеттік өрт бақылаудың үздік қызметкері" республикалық байқауына Ақтөбе облысының ТЖД атынан қатысатын болады.

Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы