Сыбайлас жемқорлықты, кез келген құқық бұзушылық сияқты және қылмысты алдын ала тоқтатқан дұрыс!

Сыбайлас жемқорлықты, кез келген құқық бұзушылық сияқты және қылмысты алдын ала тоқтатқан дұрыс!

Ақтөбе облысының ТЖД қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру аясында УКА 168/3 түзеу колониясына экскурсияға барды.

Іс-шара құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жеке құраммен жеке-тәрбие жұмысының сапасын арттыру мақсатында өткізілді. Іс-шараға 30-дан астам қызметкер қатысты, олардың басым бөлігі өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау саласындағы инспекторлар болып табылады.

Алдымен департамент қызметкерлері заңнаманы, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзуға жол бермеу туралы дәріс тыңдады. Содан кейін тікелей колония аумағында сотталғандарды ұстау жағдайларын, айыппұл изоляторын, өндірістік корпусты, асхана мен кезекші бөлімді қарап шықты. Мұндай нақты іс-шаралар қызметкерлердің қызметтік тәртібін нығайтады және олардың күнделікті өмірде заңға бағынуына ықпал етеді.

Ақтөбе облысы ТЖД қызметкерлері УКА 168/3 басшылығына сапалы өткізілген іс-шара үшін алғыс білдіреді.

Ақтөбе облысы ТЖД

Кадр саясат басқармасы