Ақтөбе қаласында ТЖМ кинологиялық есептоптарының республикалық оқу-жаттығу жиыны аяқталды

Ақтөбе қаласында ТЖМ кинологиялық есептоптарының республикалық оқу-жаттығу жиыны аяқталды

14 қазан күні Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының өңірлік оқу орталығы базасында оқу-жаттығу жиыны аяқталды.

Жиынның негізгі мақсаты ТЖМ құтқару бөлімшелерінің кинологиялық есептерінің дайындық деңгейін анықтау, кәсіби дағдыларды жетілдіру, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізудің қазіргі заманғы әдістерімен тәжірибе алмасу болды.

Іс-шара бағдарламасы кең ауқымды мәселелерді қамтыды. Жиындардың практикалық бөлігіне кіріспес бұрын, барлық қатысушылар нормативтік құжаттар, иттерді дайындау және қолдану әдістері туралы білімдерін тексеруден өтті.

Жиындар кестесі толық көлемде пысықталды, оқу мен практикалық дағдыларды жетілдіруге ерекше назар аударылды. Жиын аясында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда зардап шеккендерді іздеу бойынша қызметтік иттердің ептілігі мен мойынсұну курсы бойынша көрсетілім сабақтары өтті.

Сондай-ақ, Ақтөбе қаласының «Жас құтқарушылары» үшін іс-шара аясында оқу мұнарасының 4-ші қабатының терезесінен альпинистік құрал-жабдықтармен кинологиялық есепті түсіру, жеке тұрғын үйдегі шартты өртті сөндіру бойынша қызметкерлердің көрсетілімдері және психологиялық кедергі жолағынан өту ұйымдастырылды.

Жиынға барлығы 49 кинолог пен 46 құтқарушы ит қатысты.

 

Ақтөбе облысы ТЖД

ТЖ жою басқармасы