Ақтөбеде өрт сөндірушілер күшікті өрттен құтқарды

Ақтөбеде өрт сөндірушілер күшікті өрттен құтқарды

Жеке үйдің жанындағы құрылыстардың біріндегі өрт туралы хабарлама 10 сағат 07 минутта келіп түсті. Өрт сөндіру қызметінен 5 адам, 2 бірлік техника оқиға орнына жедел келіп, өртті сөндіруге кірісті.
«Өртті сөндіру кезінде біз қорғансыз күшікті таптық. Абырой болғанда, өрт орнында адамдар болған жоқ. Уақытында жетіп, әлі улы түтінмен уланып үлгермеген үлпілдек үй жануарын қызыл жалынның ортасынан алып шықтым.
Егер көршілер өрт туралы дер кезінде хабарламағанда, онда итті құтқарып қалу мүмкін болмас та еді. Адам сияқты жануарларға да тұншықтырғыш газбен бірнеше рет тыныс алу қайғылы салдарға алып келу үшін жеткілікті», - дейді № 5 қалалық бөлімнің өрт сөндірушісі Халилаев Наурызбай.

 

Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы