Ақтөбеде екі жасар бала құтқарылды

Ақтөбеде екі жасар бала құтқарылды

12 қазан күні Ақтөбе облысы Алға қаласының өрт сөндірушілері үйдің есігін ашып, 2 жасар баланы құтқару үшін көмекке шақырылды

Алға ауданындағы көп қабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде есік құлыпталып, ішінде 2019 жылы туылған бала қалып қойғандығы туралы хабарлама 18 сағат 48 минутта келіп түсті.

Шақырту орнына аудандық ТЖ бөлімінің 3 қызметкері мен 1 бірлік техникасы дереу шықты.

Келген бойда баланың анасы көлікте ұйықтап жатқан үлкен ұлын алып келу үшін үйден аз уақытқа шығын кеткені және сол кезде есіктің жабылып қалғандығы анықталды.

Құтқарушылар тобы терезедегі торды кесіп үйге кіруге шешім қабылдады. Үйге кірген құтқарушылар баланың қауіпсіздікте екеніне көз жеткізіп, анасына есікті ашты.

Ақтөбе облысы ТЖ департаменті ата-аналардан мүмкіндігінше балаларын жалғыз қалдырмауды сұрайды.

 

Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы