Ақтөбе облысында «Жер – 2021» ХКШОЖ аясында практикалық іс-шаралар өткізілді

Ақтөбе облысында «Жер – 2021» ХКШОЖ аясында практикалық іс-шаралар өткізілді

21 қыркүйекте Республикамызда «Алматы облысындағы қиратушы жер сілкінісі нәтижесінде туындаған ТЖ жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбы бойынша «Жер-2021» халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды.

Оқу-жаттығудың мақсаты төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін, сондай-ақ қиратушы жер сілкінісі туындаған кезде азаматтық қорғау қызметтерінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын ТЖ-ды жоюға даярлауды одан әрі жетілдіру болып табылады.

Оқу-жаттығудың аңызына сәйкес, Алматы облысында жойқын жер сілкінісі орын алды. Апат аймағындағы жер сілкінісінің салдарын жою үшін Ақтөбе облысынан күштер мен құралдарды ұсыну қажеттілігі туындады.

Оқу-жаттығу аясында Ақтөбе облысы әкімінің міндетін атқарушы Р.Г. Хамбаровтың төрағалығымен ТЖК отырысы өткізіліп, оқу-жаттығуды өткізу бойынша нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарында практикалық іс-шаралар өткізіліп, құлақтандыру, күштер мен құралдарды жинау және әзірлікке келтіру бойынша  мәселелері және ТЖ аймағына автомобиль колонналарының құрамында марш жасау элементтері пысықталды. Теміржол көлігіне инженерлік және арнайы техниканы тиеу жүзеге асырылды.

Шынайы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда апат аймағына Ақтөбе облысынан құрамында 2637-нан астам адам мен 637 бірлік техника бар облыстың күштері мен құралдарының топтамасын жіберу көзделген.
Халықаралық оқу-жаттығу басшылығының штабы Алматы облысында «Жартасты қала – Астана» оқу-жаттығу полигонында орналасқан. Оқу-жаттығуға жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан ТЖМ авариялық-құтқару қызметтері, азаматтық қорғау қызметтері, ҚР ҚМ әскери бөлімдері тартылған.

Оқу-жаттығу нәтижелері бойынша Ақтөбе облысының ТЖД бөлімшелері және АҚ қызметтері күштері мен құралдары  жойқын жер сілкінісі болған жағдайда төтенше жағдайларға ден қою бойынша өз мүмкіндіктерін көрсетті.

 

Ақтөбе облысы ТЖД

ТЖ жою басқармасы