Ақтөбеде құтқарушылар шұңқырға құлаған баланы құтқарды

Ақтөбеде құтқарушылар шұңқырға құлаған баланы құтқарды

Ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде Ақтөбе облысы ТЖД диспечерлік пультіне Ақтөбе қаласы ағайынды Жұбановтар көшесі, №269 үйдің ауданында 2011 ж.т. ер бала шұңқырға құлап, шыға алмай жатқаны жөнінде ақпарат келіп түсті.

Аталған оқиға орнына құтқарушылар дереу жетіп, жағдайды бақылауға алды. Құтқарушылар шұңқырды кеңейтудің амалы болмағандықтан, баланы еш зақымсыз құтқарудың басқа амалын қарастыра бастады. Құлау траекториясы есептеліп, зардап шегушіні бастапқы құлаған қалпында алып шығу үшін арнайы арқан мен белдік көмегімен шұңқырдың көзінен ер баланы көтеріп алып шықты.

«Баланың жағдайы жақсы. Медициналық көмек қажет етілмеді. Ойын баласы болғандықтан аңдаусыз аяғын шалып басып, түсіп кетсе керек. Бастысы бәрі аман»,- дейді қатардағы құтқарушы.

Қай жерде жүрсеңіздер де үнемі қауіпсіздік шараларын естен шығармай, кез-келген жағдайда сақ болыңыздар. Төтенше жағдайға түсе қалсаңыз 112 номеріне хабарласыңыз!

 

Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы