Облыс аумағында қауіпті жүктерді тасымалдау қауіпсіздігі мәселесі бойынша жұмыс кеңесі

Облыс аумағында қауіпті жүктерді тасымалдау қауіпсіздігі мәселесі бойынша жұмыс кеңесі

Азаматтық қорғау құралымдарының күштері мен құралдарының жедел ден қоюы және темір жол көлігінде қауіпті жүктер мен оқиғаларды тасымалдау үдерісінде ықтимал төтенше жағдайлар салдарынан жағымсыз салдарларға жол бермеу мақсатында 17 қыркүйекте ТЖ департаментінің Дағдарыс орталығында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ақтөбе магистральдық желі және жүк тасымалы бөлімшесінің филиалының басшылығымен жұмыс кеңесі өтті.

Кеңес барысында өзекті мәселелер көтеріліп, қауіпті жүктерді қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету, жедел өзара ақпарат алмасу және Департамент пен ҚТЖ-ның осы мәселе бойынша үйлесімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін шаралар әзірлеу бойынша ұсыныстар берілді.

 

Ақтөбе облысы ТЖД

ТЖ алдын алу басқармасы