Ақтөбе облысында жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды

Ақтөбе облысында жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды

11 қыркүйек күні Ақтөбе облысы Қобда ауданында облыс әкімдігінің қолдауымен салынған 2 автокөлікке арналған өрт сөндіру бөлімінің ашылуы өтті. Ашылу салтанатына өңір басшысы Оңдасын Сейілұлы Оразалин, ТЖД басшылығы мен Қобда ауданы гарнизоны қатысты.

Жаңадан салынған бөлім арнайы техникадан басқа жол талғамайтын өтімділігі жоғары «Трэкол» көлігі және автокранмен жабдықталған. Бұл бөлім 19 мыңға жуық халықты өрт қауіпсіздігімен, 20 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды.

Айта кету керек, қазігі уақытта Ақтөбе облысының өрт қауіпсіздігін нығайту, туындаған төтенше жағдайларға ден қою мақсатында Нұр-Ақтөбе шағын ауданында және Ембі қаласында 2 шығуға арналған өрт сөндіру депосының және тез тұрғызылатын құрылыс материалдарынан өрт сөндіру автокөліктеріне арналған 3 гараж-тұрақ құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Олардың тапсырылу мерзімі ағымдағы жылдың соңына жоспарланған.

Облыс әкімі жаңа ғимараттың сапасына оң баға беріп, бейбіт күннің батырларына қызметте табыс тіледі.

        

Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы