Жылыту маусымы қарсаңында инспекторлар күнделікті аралау жұмыстарын жүргізуде

Жылыту маусымы қарсаңында инспекторлар күнделікті аралау жұмыстарын жүргізуде

Жыл сайын жылу беру кезеңі басталар алдында өрттерді, өлім мен жарақаттанудың алдын алу, болдырмау мақсатында Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті жеке тұрғын үй секторын аралау бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізеді. Үйлердегі пештердің, түтіндіктердің және электр жылытқыштардың жарамдылығын тексереді, тұрғындарға пеш жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріледі.

Жеке тұрғын үй секторын аралау екі кезеңге бөлінген. Біріншісі-15 тамыздан 15 қыркүйекке дейін; екіншісі – 15 қыркүйектен бастап жылыту кезеңінің соңына дейін.

Ағымдағы жылы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен бірлесіп атаулы алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін халықтың әлеуметтік осал топтарының тізіміне түзету жүргізілді. Нәтижесінде жеке секторда тұратын 7875 әлеуметтік осал отбасы есепке алынды.

Ағымдағы жылдың 15 тамызынан бастап бірлескен аралау барысында 5701 тұрғын үй тексерілді (72,3 %), 15897 адамға нұсқау берілді, 16 482 жадынама мен парақшалар табыс етілді.

Аралау барысында пештердің, түтіндіктердің, электр қыздырғыштардың құрылғыларына басты назар аударылады. Барлығы 1063 өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу анықталды. Анықталған бұзушылықтар бойынша Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдіктеріне тұрғын үй қорының өртке қарсы қанағаттанарлықсыз жағдайы және қажетті көмек көрсету туралы ақпараттық хаттар жолданды. Бүгінгі күні 336 бұзушылық жойылды.

Департамент қызметкерлері халыққа тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы ақпаратты пештер мен құбырларды, түтіндіктер мен құдықтарды дұрыс және уақтылы тазалау үшін, сондай-ақ пештерде улы газ шығуы мүмкін жарылулардың болмауын қамтамасыз ету үшін жеткізеді.

Айта кету керек, пештерді орнату кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау тек жылы мезгілде мүмкін болады. Халықтың әлеуметтік осал топтарын және тұрғын үй секторын толыққанды есепке алуды және сапалы аралауды қамтамасыз ету мақсатында өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына тексеру жүргізілген әрбір тұрғын үй туралы толық ақпарат көрсетілетін мінездеме-журнал болады.

15 тамыздан бастап барлығы 98 түтін, улы және табиғи газ дабылдары орнатылды.

Жылыту маусымы басталар алдында жеке тұрғын үй секторын аралау жұмыстары бақылауда және жылыту маусымы аяқталғанға дейін белсенді түрде жалғасатын болады!

 

Ақтөбе облысы ТЖД

Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы