Профилактикалық жұмыс жүргізілді

Профилактикалық жұмыс жүргізілді

18 тамызда Хромтау ауданының аумағында ТЖ бөлімінің қызметкерлері полиция бөлімімен бірлесіп «Жолда қабылдау» акциясын өткізді. Бұл акцияның мақсаты - жол қозғалысы қатысушыларына азаматтық қорғау саласында және полиция қызметінің басқа да мәселелерінде құқықтық және консультациялық көмек көрсету.

Акция шеңберінде жол қозғалысына қатысушылар арасында төтенше жағдайлардың, өрттердің алдын алу, азаматтармен әңгімелесу, түрлі әлеуметтік роликтер көрсету, көрнекі ақпарат тарату арқылы алғашқы өрт сөндіру құралдарын және жол-көлік оқиғаларын пайдалану бойынша белсенді профилактикалық жұмыс жүргізілді.

80-нен астам жүргізушіге кеңес беріліп, 250 мәселе қаралды.

Хромтау ауданы ТЖБ