Марафоншылар марапатталды

Марафоншылар марапатталды

Байғанин ауданының марафоншылары Ақтөбе қаласына келіп жетті. Жұмаш Құрмашев пен Байғанин аудандық өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Аймұрат Молбаевтың айтуынша, олар өздерінің марафонын Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арнаған.

Естеріңізге сала кетейік, жігіттер Байғанин ауылынан Ақтөбе қаласына қарай 27 шілде күні жаяу шыққан болатын.

Бүгін, Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Марғұлан Аманбаев ерлікке тең істі аяқтаған батырларды Алғыс хат және естелік сыйлықпен марапаттады.

Біздің батырларымыз эмоцияларымен бөлісіп, жолда орын алған қиындықтарымен қоса алға қойған мақсаттарымен де бөлісті. Марафоншылар алдағы уақытта велосипедпен елордаға беттегісі келіп отыр екен. Бұл игі іске Департамент басшысы қолдау білдіретінін атап өтті.

Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы